Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қолдауымен «Ақтау-Баянды-Ақтау» 106-маршрутына су жаңа 6 автобус қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 маусымнан бастап Ақтау-Баянды-Ақтау бағытында ескі автобустар жүрмейтін болады. Ауыл халқы әбден тозған «пазиктен» құтылып, аудан мен қала арасында жаңа қоғамдық көлікпен қатынайды.
Халық игілігіне берілген ыңғайлы әрі экологиялық таза автобустарды отандық «Yutong» компаниясы жасап шығарған. Қоғамдық көлікке тасымалдаушы «Ахмет Нәбиев Руслан» ЖШС жауапты болмақ.